Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

2014 жылы «Алматы» станциясының төңірегінде айналма жол салынады - ККМ

Мемлекет басшысының халыққа Жолдауы аясында 2014 жылы «Алматы» станциясының төңірегінде айналма жол салынады, осылайша станцияның жүктемелігі 45%-ға жеңілдетіледі, деп «Strategy2050.kz» АА тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Потлов ағынан жарылды.
Алматы қаласы 18 Ақпан, 09:54

«Біздің теміржолда тар орындар деген түсінік бар, ал, ол жолдар арқылы біз жүгі ауыр вагондарды өткізе алмаймыз, себебі инфрақұрылым оған есептелмеген. Сондай аймақтардың бірі - бұл «Алматы» станциясы. Ол өзі арқылы «Достық» пен «Алтынкөл» станцияларынан келетін ауыр жүкті өткізеді. Осыған байланысты қазіргі таңда Алматы станциясын айналып өтетін айналма жолды салу бойынша жобалық-сметалық құжатнама жасалып жатыр. Жаңа жол Алматы станциясына кірмей-ақ, Батыс пен Еуропа елдеріне және Орта Азия елдеріне жүкті тасымалдауға мүмкіндік береді», - деп Д. Потлов хабарлады.

Алдын-ала есептеулер бойынша, Алматы станциясын жүктемелігі 45%-ға жеңілдетіледі.

Бұдан басқа, Д. Потловтың айтуынша, жекеменшік ұйымдар бұл жобаны жүзеге асыруға қызығушылық танытуда, сондықтан мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында мәселені шешу қарастырылуда. 





Дерекнама

Яндекс.Метрика