Өңірлер

Ақмола облысы Канадамен ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайтуда

Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхаметов Канада елінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Стивен Миллерді қабылдады.
Ақмола18 Ақпан , 09:40

Кездесуде өңір басшысы, ауылшаруашылығы мен өндіріс саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруда Канада,  Ақмола облысының бүрыннан келе жатқан сенімді серігі екенін атап өтті. Өз кезегінде, төтенше және өкілетті елші, Стивен Миллер, аймақ шаруалары мен кәсіпкерлерін барлық салада қолдау жасап бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін айтты. Ақмола өңірі мен Канада ғалымдары, Шортанды ауданындағы А. И. Бараев ғылыми институтының базасында сояның селекциясын жасап, оны Ақмола жерінде енгізуде бірлесіп жұмыс істеп келеді.

Жиында аймақ басшысы осы жұмысты одан әрі жандандырып, Ақмола өңірінде табиғи климатқа сай келетін,  70-75 күнде тез жетіліп іпсетін, соя тұқымының селекциясын жасауда отандық ғалымдарға қолдау көрсету керектігін айтты. 2011-2013 жылдары  етті қара мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Канададан Ақмола облысына 1 781 бас асыл тұқымды ірі қара мал импорты іске асырылды. Бүгінгі кұні бұл жұмыс одан әрі де жалғастырылуда.

Қазіргі уақытта Ақмола облысы АШТӨ балансында 14,8 млрд. теңге соманың (99,3 млн. АҚШ доллары) 693 бірлік канадалық өндірістің ауылшаруашылық техникасы бар. Жиын соңында, Канаданың ҚР төтенше және өкілетті елшісі Стивен Миллер Ақмола облысының делегациясын Канадаға тәжірибие алмасу мақсатында, келіп қайтуға шақырды.

Өз тарапында, аймақ басшысы, шаруалар мен кәсіпкерлерден тұратын делегация Канадаға барып, ауылшаруашылығы мен өндіріс саласындағы ең соңғы жобалармен танысу үшін    Канадаға баратынын мәлімдеді.

 




Яндекс.Метрика