G-global

VII Астана экономикалық форумы мен II Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияға тіркелу басталды

2014 жылдың 21-23 мамыр аралығында Астана қаласында VII Астана экономикалық форумы мен II Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференция өткізіледі.
Астана қаласы18 Ақпан , 09:20

Хабарлағандай, экономикалық және инвестициялық форумдардың бірі саналатын осы шараға жыл сайын әлемнің 150 елінен 7000-нан астам делегат қатысады.

Қазірдің өзінде 250-ден астам жоғары қызметтегі делегаттар, соның ішінде, Премьер-министрлердің 6 орынбасары, 40 министр мен Орталық банктердің төрағалары, 12 бұрынғы мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ, Нобель сыйлығының 14 лауреаты, халықаралық ұйымдардың  40 басшысы,  50-ден астам ғылыми-зерттеу ұйымдарының жетекшілері тіркеліп қойды.

VII Астана экономикалық форумы кезінде өткізілетін маңызды шара - Бреттон-Вуд келісімінің 70 жылдығына орай өткізілетін және БҰҰ-на мүше мемлекеттер үшін Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік жоспар жобасын өңдеп, қабылдауға бағытталған басты халықаралық шара ІІ Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференция болады.

 
 
 
 




Яндекс.Метрика