Өңірлер

Қ. Айтмұхамбетов: Ақмола облысында тауарлар негізсіз қымбаттаса қатаң шара қолданылады

Ақмола облысы әкімі Қосман Айтмұхаметовтың төрағалығымен аппарат кеңесі өтіп, ондағы күн тәртібінде өңірдегі азық-түлік тауарлары бағасының бүгінгі ахуалы талқыланды.
Ақмола18 Ақпан , 09:10

Базар мен дүкендердегі ең маңызды деген әлеуметтік азық-түлік тауарларының бағасы  туралы Ақмола облыстық өнеркәсіп және өндіріс басқармасы басшысы Теміржан Хамитов баяндап берді. Атап айту керек, Ақмола облысында аймақ басшысы тапсырмасымен арнайы жедел штаб құрылды.  Тәулігіне 4 рет сауда нүктелерін аралайтын штаб өкілдері  күнделікті 40 ауда нұктесіндегі  баға саясатымен танысуда. Бүгінгі күні Ақмола облысында жанар-жағармай, коммуналдық қызмет, жолаушылар тасымалында баға тұрақты. Маңызды деген азық-түлік тауарларының бағасы көтерме сауда нүктелернін өзгеріссіз қалған.

 Сондықтан, ортадағы делдалдардың негізсіз бағаны көтеруіне жол бермеу керек,- деді облыс әкімі. Жиында сондай-ақ Ақмола облысының статистика басқарма басшысы Ермек Мусина,  Көкшетау қаласының  әкімі Жарқын Жұмағұлов баға саясатына байланысты ахуалды баяндады.

Кеңес қортындысында облыс әкімі Қосман Айтмұхаметов, бағаны тұрақты ұстауда жұмысты жандандырып, негізссіз бағаны қымбаттатқандарға нақты шара қолданып, оларды БАҚ жан-жақты көрсету қажет деп тапсырма берді.  

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика