Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Павлодар облысында экологтар экоауыл рөлі туралы баяндайды

Павлодар облысында «Аймақты дамыту: Экоауыл рөлі» бағдарламасы өз бастауын алды. Бағдарламаны Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару және инжиниринг халықаралық кафедрасының қолдауымен республикалық «Тұрақты даму» жер қоры» ҚҰ ұйымдастырды.
Павлодар17 Ақпан , 17:40

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстанның шағын қалаларынан ауылды жерлердегідей жастар жаппай кетуде. Өз кезегінде ол қаланың дамуына кесірін тигізіп жатыр.

Бағдарламаның мақсаты: Қазақстанның тұрақты дамуының жолдарын талқылау және тұрғындар мен жастарды осындай тектес әлемдік тенденциямен таныстыру.

Ұйымдастырушылар жобаны жүзеге асыру аясында қызықты, әрі жас ұрпақтың оны жүзеге асырғысы келетінден құлшынысын тудыратын жаңа жүйе қалыптастырғысы келеді. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика