Энерготиімділік

Солтүстік Қазақстан облысында энергетикалық мәселелерге байланысты кеңес беру орталығы құрылды

Солтүстік Қазақстан облысында өңірлік Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен еліміздегі әзірге алғашқы энергетикалық мәселелерге байланысты кеңес беру орталығы құрылды.
Солтүстік Қазақстан17 Ақпан , 17:34

Облыстық ішкі саясат басқармасында хабарланғандай, жұмысқа аталмыш саланың ірі монополисі «Севказэнерго» АҚ қатысты. Арнайы мамандар кәсіпкерлерді электр және энергоүнемдеу бойынша өз кеңестерін береді.

Қазіргі таңда жеті кәсіпкер «бірінші сөзден» жедел кеңес беру қызметін пайдаланды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, тікелей және кезексіз өткізілетін осындай кездесулер осы саладағы мәселелердің түйінін тарқытып, қаржы мен уақытты үнемдеп, кәсіпкерлерге өз пайдасын тигізбек.

Кеңес беру орталығында энергетикалық және электрүнемдеуге қатысты кез келген сауалға жауап беріледі. Ол үшін кәсіпкерлер өңірлік Кәсіпкерлер палатасына барулары керек.




Яндекс.Метрика