Өңірлер

ҚР-да шикізат саласының үлесі төмендемейді - Ә.Смайылов

Қазақстанда шикізат саласының үлесі төмендемейді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен бирфингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов хабарлады.
Астана қаласы17 Ақпан , 17:09

«Ағымдағы жылы Мұнай және газ министрлігінің Қашағанда мұнай өндіру бойынша жоспары бар, сондықтан елімізде шикізат саласының үлесі төмендемейді. Өндеу өнеркәсібі саласында да өсім байқалады. Сонымен қатар, бізде мұнай өндіру көлемін арттыру бойынша жоспарымыз болғандықтан  ол құрылымға өз әсерін тигізуде», - деп Ә.Смайылов хабарлады.

Оның айтуынша, жалпы ішкі өнімінің құрылымының 40% тауар өндірісін қамтыса, 53% қызмет өндірісі, 7% - таза салықтар мен субсидия құрап отыр. Ал, өндіріс 32% еншілесе, 4,5% ауыл шаруашылығына, құрылысқа 6%, қалғаны қызмет көрсету саласына тиесілі.

«Егер, Қазақстанда қызмет көрсету саласы  53% құраса, бұл сала өзге мемлекеттерде ЖІӨ құрылымында  60%-70% алып жатады», - деп Агенттік төрағасы өз ойын толықтырды.

Оның үстіне, өткен жылдың қорытындысы бойынша өндірістегі мұнайды өндіру көлемі 51%, ал, өңдеу өнеркәсібі 33% құрап отыр.

Ә. Смаиловтың хабарлауынша, ҮИИД МБ жүзеге асыру аясында еліміздегі өңдеу өнеркәсібінде айтарлықтай өсім байқалды.

«Өткен жылдың қортытындысы бойынша, машинақұрылысындағы  өндіріс көлемі  айтарлықтай 15%-ға, құрылыс материалдарын өндіру 12%-ға, химиялық өндіріс  3,3%-ға, пластмасадан жасалған заттарды өндіру 2,5%-ға, азық-түлік өнімдері 4,2%-ға артты»,- деп Статагенттігінің басшысы ойын қорытындылады.




Яндекс.Метрика