Өңірлер

ШҚО-ның кәсіпорын алыптары: Теңге бағамының өзгеруі біздің бәсекеге қабілеттілігімізді арттырады

Теңге бағамының өзгеруі нәтижелі көрсеткіштерге жеткізеді,бұған Шығыс Қазақстан облысының экспорттаушы кәсіпкерліктері кәміл сенеді.
Шығыс Қазақстан17 Ақпан , 16:10

Теңге бағамының өзгеруі кәсіпкерліктер үшін маңызды рөл атқарады, себебі оларды инвесторлар үшін қызықтырақ қылып көрсетеді. Теңгенің жаңа бағамы ұлттық өндірушілерді қорғайды.

«Бұл экономиканың импульсін артыруға өз септігін тигізеді. Біз бүгін өз өнімімізді бәсекеге қабілетті қыламыз. Шағын және орта бизнесте, кәсіпкерліктерде инфляциондық үрдістер пайда болуда», - деді «Қазмырыш» ЖШС әкімшілік сұрақтары жөніндегі вице-президенті Андрей Лазарев.

Әсем Мамутова «ТМК ҰҚ» АҚ қызметін атқарушы үрдістің оң жағын атап өтті: «Кәсіпорындарда жалақыны беру үрдісі жеңілдетіледі, әлеуметтік төлемдер мен барлық қызметті орындау жұмысы жақсарады. Сондай-ақ, өнім бәсекелестік қабілетке ие болады. Бұл ертең отбасыларымызды қамти алатын жағдайдың белгісі».

Теңге бағамының өзгеруінің нәтижесі  қаржының үлесін көбейтті, ал қазақстандық тауар бәсекеге қабілетті бола бастайды. Сарапшылар атап өткендей, бұл қазақстандық қамтудың үлесін арттырады. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика