Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Ақмола облысы бойынша Қаржы полициясы мен Кәсіпкерлер палатасы меморандумға қол қойды

Көкшетауда Ақмола облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшылары Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасымен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімін өткізді.
Ақмола17 Ақпан , 15:51

Ведомствода хабарлағандай, меморандумның мақсаты бірлескен қызмет және өзара ақпараттық алмасу сындарлылығы, айқындылығы, тиімділігі принциптерінде Ақмола облысында кәсіпкерлікті өркендету және бұдан әрі дамыту үшін институционалдық негіздерді қалыптастыру бойынша бірлескен іс-қимылдар болып табылады.

Кәсіпкерлік қызмет саласында заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту мақсатында тараптар сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау мен жолын кесуге, әкімшілік тосқауылдарды жеңуге бағытталған бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру жолымен кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің, оның ішінде шағын және орта бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуде қызмет жасауға Департамент быстығы М. Алиханов және Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры З. Аяған келісті.

 




Яндекс.Метрика