Жемқорлыққа қарсы күрес

Жемқорлықпен ұсталған қызметкердің бірінші басшысы қызметінен босауы тиіс - Ә.Бәйменов

Жемқорлықпен ұсталған мемлекеттік қызметкердің бірінші басшысы қызметінен босауы тиіс, деп хабарлады бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің басшысы Әлихан Бәйменов.
Казахстан26 Наурыз , 00:00


«Бұл мемлекеттік қызметтің өтуіне принципиалды жаңалық екенін айта кеткім келеді. Осы енгізілген нормаға сәйкес сот үкімі күшіне енген жағдайда саяси қызметкер немесе әкім, оған тағайындалған жемқорлық құқық бұзушылық жасаса қызметінен босауы тиіс», - деді Ә.Бәйменов.
Сонымен қатар, ол қызметтен босау міндеті нақты орындалады дегенді білдірмейтінін атап өтті. Бұл жерде өзіне деген сенімді сақтау мәселесі сөз етіледі. 

Айта кету керек, аталған жаңалық әкімшілік қызмет туралы заң шеңберінде енгізіледі, соған сәйкес кадрларды іріктеу жүйесіне халықтың сену деңгейі, меритократия принциптерін сақтауға, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпқойлығына, қызмет этикасын бақылау тиімділігі және мемлекеттік қызмет көрсетулер сапасына мемлекеттік қызметкерлердің сену деңгейі түріндегі мақсатты индикаторларға қол жеткізу жоспарланған. 
 




Яндекс.Метрика