Су ресурстарына арналған жаңа саясат

«Астана су арнасының» бас директоры Жолдау аясында жүзеге асырылатын 2014 жылға жоспарланған іс-шаралармен бөлісті

«Астана су арнасының» бас директоры, Астана қаласы мәслихатының депутаты Уалихан Досаев Жолдау аясында жүзеге асырылатын 2014 жылға жоспарланған іс-шаралар туралы айтып берді.
Астана қаласы 17 Ақпан, 15:26

«ҚР Президентінің халыққа Жолдауында еліміздің одан әрі дамуының векторы берілген. Президент атап өткендей, Стратегия - ол күн өткен сайын, жылдан жылға мемлекетімізді жақсартатын, халқымыздың өмір сүру сапарын арттыратын нақты істердің бағдарламысы. Жолдауда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «Астана су арнасы» кәсіпорны 2014 жылы 2011-2014 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаны аяқтап, 2014-2017 жылдарға арналған жаңа орташажедел тарифті бекітпекші», - деді У. Досаев.

Сонымен қатар, ол, жаңғырту аясында су құбыры мен кәріз жүйесіне гидравликалық үлгіні енгізу, кәсіпорындар нысандарында энергоаудит жіргізу, 2013-2015 жылдарға арналған энергия үнемдеу жоспарын жалғастыру,  су құбыры жүйесіндегі қысымды автоматты түрде басқару жүйесін жасақтау және енгізу, техшарттарды беру жүйесін автоматтандыру және басқа да шаралар жоспарланғанын тілге тиек етті. 

Бұдан басқа,  2014 жылы сумен қамтамасыз ету және суды бұру жүйесін қайта жөндеу жұмыстарын яқтау және 18 су мен кәріз сорғыш станцияларындағы сорғыш құралдарын ауыстыру көзделген.  

«Елбасы өзінің халық алдындағы сөздері мен Жолдауында әрқашан екі қолға бір күрек іздеген жан жұмыс табары сөзсіз деп айтып отырады. Осы жылғы халыққа Жолдауында Нұрсұлтан Назарбаев ерең еңбектің арқасында ғана әр отбасыға жетістік келеді деп атап өтті.  Біз Жолдауда көрсетілген міндеттерді орындау Қазақстанның алға шығуына өз септігін тигізетініне нық сенімдіміз», -  деп У. Досаев ағынан жарылды. 





Яндекс.Метрика