Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

2020 жылы Қытайдан Қазақстанға тасымалданатын жүк көлемі 8 есеге өседі – ККМ

Президент Жолдауын іске асыру аясында 2020 жылы Қытайдан Қазақстанға тасымалданған жүк көлемі 8 есеге өседі, деп мәлімдеді ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Транспорт және байланыс жолы комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Дмитрий Потлов.
Астана қаласы17 Ақпан , 15:00

«Президент өз Жолдауында логистика мен транспорттық инфрақұрылымды дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді. Осының аясында 2014 жылдың қаңтар айында транспорттық инфрақұрылымды интеграциялау бойынша мемлекеттік бағдарлама мақұлданды. Сосын 12 ақпанда осы бағдарламалардың шаралар жоспары мақұлданды. Осынау бағдарламаны орындаудың бірінші қадамы, менің ойымша, біздің Қытаймен бірігіп атқаратын Қытай аумағындағы транспорттық-логистикалық орталық ұйымдастыру болып табылады. Аталмыш терминалдың негізгі мақсаты Қазақстаннан және Қазақстанға жүк тасымалы мен аталмыш порт транзитімен жүк Орта Азия, Канада мен өзге де мемлекеттерге жөнелтуді қамтамасыз ету. Бірінші жартыжылдықтың соңында Қытай тарапымен жобалау-сметалық құжаттар мен техникалық-экономикалық негіздер кезеңінде қабылданған барлық шешімдерді келісу жоспарланған. Ал екінші жартыжылдықтың басында аталмыш жобаны іске асыра бастауымыз керек», - дейді Д.Потлов.

Айтпақшы, 2013 жылы осы порт арқылы 20 фунттық конвейермен 70 мыңдай тасымал жүзеге асырылды, ал 2020 жылға дейін бұл көрсеткішті550 мыңға дейін арттыру жоспарланған.

Сонымен қатар, аталмыш бағдарламаны іске асыру аясында қаражатты шекаралас елдермен арадағы шекаралардағы өткізу пунктерін дамытуға жұмсау қарастырылуда.

«Қазіргі таңда Өзбекстанмен арадағы «Сарыағаш» станциясын дамыту шаралары жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, «Достық» пен «Алтынкөл» станцияларында да осындай жұмыстар қолға алынуда. Бұл бекеттерде қабылдау-жөнелту пунктері мен тиісті көлемге ие жүктерді қабылдау мен жөнелту пунктері қосымша қосылмақ. «Алтынкөл» станциясында артық жүкке арналған қосымша орын құрылатын болады», - дейді Д.Потлов.

Оның айтуынша, қазіргі кездегі инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жүргізілетін болады.

«2014 жылы шамамен 760 км темір жолы жаңғыртылады. Сонымен қатар энергетикалық шаруашылық пен байланыс нысандарын жаңғырту жұмыстары қарастырылуда», - дейді Д.Потлов. 




Яндекс.Метрика