Кедендік одақ

Мәскеуде Қазғарыш пен Роскосмос сарапшыларының бірлескен кеңесі өтті

ҚР ҰҒА төрағасының орынбасары Е.Шаймағамбетов бастаған ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің делегациясы Мәскеуге жұмыс сапарымен барды. Онда Қазақстан және Ресей мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен қазақстандық-ресей жұмыс тобының отырысы өтті.
Әлемде17 Ақпан , 14:40

Ведомствода хабарлағандай, отырыс барысында «Байқоңыр» кешені бойынша ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, соның ішінде «Бәйтерек» ҒЗК құру жобаны жүзеге асыруға, «Байконур» ғарыш айлағынан «Протон-М» ЗТ ұшыруға, сондай-ақ     «Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану бойынша Жол картасы іс-шараларын іске асыруға қатысты мәселелері де талқыланды.  

Мәселен, Тараптар Жол картасындағы іс-шараларын жүзеге асыруды жандандыру туралы келісімге келіп, оның іске асу барысын «Байқоңыр» кешені бойынша Үкіметаралық комиссияның 2-отырысында қарастыруды жөн деп санады.  

Естеріңізге салайық, 2014-2016 жылдарға арналған «Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану бойынша Жол картасына Қазақстан және Ресей үкіметтері 2013 жылғы желтоқсан айында қол қойды.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика