Өңірлер

Кәсіпкерлер палатасы мен Қостанай облысының қаржы полициясы екіжақты ынтымақтастық бойынша меморандумға қол қойды

Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы мен экономикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті кәсіпкерлердің проблемасын бірігіп шешетін болады. Өңірлік палатаның директоры Мұрат Әбенов пен облыстық қаржы полициясының бастығы Дәулет Айтжанов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Қостанай17 Ақпан , 12:50

ҚР ҰКП-да  айтқандай, тараптар құжат аясында игерілген тәжірибе аясында ынтымақтастық құрылатынын атап өтті. Сондай-ақ, өз кезегінде қаржы полициясы мен «Атамекен кеңесі» арасында меморандум құрылды. Екіжақты келісім бойынша барлық сұрақтар қарастырылды. Алкогольдік өнімге байланысты, жер учаскісін жалға беру, қоғамдық қорды қолдану бойынша жүзеге асырылады.

«Бұл жұмыс жалғасатын болады. Біз кәсіпкерлер палатасының алаңында кездесіп, келіссөздер жүргізетін боламыз. Бүгінгі таңда бизнестің дамуына кедергі келтіретін мәселелер шешілді. Қаржы полициясымен біріге отырып, кәсіпкерлердің кәсібіне кедергі келтіретін сұрақтар шешіледі», - деді Мұрат Әбенов.

Аталмыш ынтымақтастық форматы үлкен нәтиже береді бұған экономикалық сыбайлас жемқорлық департаментінің бастығы сенімді.

«Қаржы полициясының жұмысы өзіндік мәнге ие. Біздің мекемеге кәсіпкерлердің барлығы бірдей ұмтыла бермейді. Кәсіпкерлер палатасында олар душар болған проблемаларымен бөлісе алады. Одан бөлек мен өзім жұма сайын кәсіпкерлерді қабылдайтын боламын», - деді Д. Айтжанов. 




Яндекс.Метрика