Өңірлер

2014 жылғы Жолдаудың басым бағыттарын іске асыру ШОБ-тің жаңа инновациялық кәсіпкерліктер айналасында дамуына көмектеседі – А.Жақиев

2014 жылғы Жолдаудың басым бағыттарын іске асыру шағын және орта бизнестің жаңа инновациялық кәсіпкерліктер айналасында дамуына көмектеседі, дейді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Атырау облыстық бөлімшесі директоры, облыстық мәслихат депутаты Асылбек Жақиев.
Атырау17 Ақпан , 12:40

«Атырау облысының ірі транзиттік әлекетін арттыруды ескерсек, сонымен қатар Тенгиз бен Қашаған секілді ірі мегажобалардың бұдан ары дамуын санасақ, транзиттік әлеуетті арттыру мен біздің тауарлар үшін тасымалдың логистикалық орталықтарын құру қажет. Елдің кәсіпкерлік қауымдастықтары аталмыш бағыттың жетілдірілуіне мүдделі болып отыр және осы міндеттемені жүзеге асыруға қол ұшын беруге дайын. Өз кезегінде транзиттік әлеуетті нығайту мен логистикалық нарықты жетілдіру экономиканың өзге де секторларының дамуына жағдай жасайды», - дейді А.Жақиев.

Оның айтуынша, Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасы 2030 жылға дейінгі транзиттік әлеуетті арттырудың арнайы бағдарламасының жүзеге асырылуына өзінің үлесін қосып, Мемлекет басшысының 2014 жылдың 1 қыркүйегінде Үкіметке тапсырған міндеттемесіне қатысуға дайын.

«Мемлекет басшысының кәсіпкерлікті отбасылық дәстүр ретінде қалыптастыру туралы идеясын қолдаймын. Аталмыш бағытта қазірдің өзінде көптеген шаралар атқарылуда: заңнамалық тұрғыдан қарайтын болсақ, бизнесті рәсімдеу, оны мұрагерлікпен беру секілді мәселелер қазірде қарастырылмаған. Екінші жағынан бұл халықтың мәдениетіне енбеген. Бұнда бірден екі бағытта жұмыс істеу керек: біріншіден, отбаслық кәсіпкерліктің артықшылығын насихаттау  болса, екіншіден, инфрақұрылымды дамыту, кәсіпкерлікке бала кезден баулу. Осы орайда ата-аналарды да бала тәрбиесіне өзгеріс енгізуді үйрету керек», - дейді А.Жақиев.

Депутаттың айтуынша, атырау кәсіпкерлігі үшін күн тәртібіндегі мәселе технология трансферті мен бірлескен кәсіпкерлік құру.

«Оның үстіне өңірдің осыған қажеттілігі бар. Өз тарапынан Кәсіпкерлер палатасы шет елдік технологиялық компанияларлы тарту жұмыстарын жүргізуде. Менің ойымша, 2014 жылғы Жолдаудың басым бағыттарын іске асыру шағын және орта бизнестің жаңа инновациялық кәсіпкерліктер айналасында дамуына көмектеседі», - дейді депутат.




Яндекс.Метрика