Өңірлер

2013 жылы Бас прокуратураның саll-орталығына 63 мыңға жуық қоңырау келіп түсті

Бас прокуратураның саll-орталығына 2013 жылы 63 мыңға жуық қоңыраулар келіп түсті, деп Бас прокурордың аға көмекшісі, саll-орталығының басшысы Александр Дуккардт хабарлады.
Астана қаласы17 Ақпан , 13:33

«Елбасының Жолдаудағы маңызды  тапсырмалардың бірі Стратегия-2050 басты мақсатына жету үшін  құқықтық тәртіпке сүйене отырып заң алдындағы теңдікті, сот жүйесінің  ашықтығы мен  қол жетімділігін, барлық құқық қорғау органдарының сапасын артыру болып табылады. Бас прокуратура көрсетіп отырған электрондық қызметін жетілдіруде.

Азаматтарға прокуратура органдарына пошталық байланыс,  www.115.kz сайты және прокурорлардың блогы және Бас прокуратураның cаll-орталығы арқылы  жиі хабарласатын болды», деп  А. Дуккардт хабарлады.

Естеріңізе сала кетейік, Бас прокуратураның cаll-орталығының номері - 115.

Ақпарат шағымның алты категориясы бойынша қабылданады.  Қылмысты қадағалау органдарының әрекетсіздігі, қылмыстық процесте азаматтың конституциялық құқығын және адамдардың бостандық құқығын бұзу, білім беру мекемелеріндегі кәмілет жасқа толмағандар арасындағы және оларға қарсы құқық бұзушылық әрекеттер, медициналық қызметке заңсыз төлем алу және прокуратура қызметкерлерінің жемқорлыққа бой алдыруы бойынша шағымдар.  

«Жүргізілген жұмыстар 2013 жылы  2012 жылмен салыстырғанда қоңыраулар санын 2 есе  30 мыңнан 63 мыңға дейін арттыруға мүмкіндік берді», - деп А. Дуккардт хабарлады.

Саll-орталыққа келіп түскен қоңыраулар бойынша  азаматтың конституциялық құқығын бұзу бойынша  28 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан басқа, Саll-орталыққа келіп түскен қоңыраулар  прокуратура органдары 2013 жылы 1,7  мың азаматтың еңбек құқығын қорғап, оларға жалақы бойынша берешегі мен 163 млн. теңге көлемінде өтемақы төлеуге септігін тигізді. 




Яндекс.Метрика