Өңірлер

ШҚО-да бағаны ұстап тұру үшін шаралар қолдануда

Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысының 7 бағыт бойынша тапсырмасын баяндады. Көлеңкелі экономикамен күрес, жалақының өсуі мен жұмыс күшін тарту.
Шығыс Қазақстан17 Ақпан , 09:00

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, мониторингтің жедел қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары Нұрлыбек Шерубаевтың әзірлегені бойынша, кей қалалар мен өңірлерде теңге бағамы өзгергеннен кейін бағалар көтеріле бастаған. Оның ішінде жергілікті тауар өндірушілердің өнімі де қымбатаған.

Оның ішінде күрестің негізгісі өнімдерді тұрақтандыру қорының жүзеге асуы болып табылады. Аудандарға азық-түлік жеткізіліп, қажетті өтініштер жүзеге асуда. Өскеменде 15 ақпаннан бастап Дина, Дос-Нар, Заречный, Орталық нарықтарда бағаны өсірмеу бойынша  әкімдікпен меморандум түзілді.

«Жиында нақты деректер аз айтылған жоқ. Депутаттарды негізсіз баға үстемелеуге қарсы күреске ат салысуға, ал ауыл шаруашылық өнімін өндірушілерді тауарларды тығып қойып қолдан қамбастышылқ жасамауға шақырды».

«Біз жағдайды көлденең көк аттының пайдаланып кетуіне жол бермейміз. Мемлекет ол үшін барлық шараны жасайды», - дейді ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев.

Сонымен қатар, кеден органдарына тез бүлінетін өнімдердің кежергісіз жедел өтуіне жағдай жасау тапсырылды. Ал жергілікті жерлердегі әкім аппаратына халықтың шағымын қабылдайтын мемлекеттік сайттар мен сенім телефондарының жұмысын жетілдіру тапсырылды.

Бердібек Сапарбаев барынша өнімді жұмыс істеу лүшін жұмыс тобы құрамын кеңейту туралы ұсынысын жеткізді: «жұмыс тобына қаржы полициясы өкілдерін, облыстық прокуратураны қосу керек, сонда жұмыс тобының қызметі жемісті болады».




Дерекнама

Яндекс.Метрика