Ұлттың денсаулығы

ҚР-да халықтың медициналық қызметке қанағаттану деңгейі 80%-дан жоғары – С.Қайырбекова

Қазақстанда халықтың отандық медициналық қызметке қанағаттану деңгейі 80%-дан жоғары, деп мәлімдеді Мәжілістегі Үкіметтік сағатта ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова.
Астана қаласы17 Ақпан , 12:15

«Қазақстанда халықтың отандық медициналық қызметке қанағаттану деңгейі 80%-дан жоғары. Тәулігіне біз 2 мыңдай операция жасаймыз, соның ішінде кейбірі жоғары технологиялық тәсілдермен жүргізіледі. Сонымен қатар, халық тарапынан жедел жәрдем қызметіне 18 мың шақырту келіп түседі. Күніне біздің стационарларда 7 мыңдай науқас ем алады», - дейді С.Қайырбекова.

Оның айтуынша, тиімді менеджмент жағдайындағы жаңа еңбекақы төлемі жүйесі халыққа қызмет көрсету сапасын жетілдіру жолында ынталандыруға мүмкіндік берген.

«Нәтиже үшін» жүйесі бойынша стационарларды төлеу әдісі Қазақстанда халықаралық технологияларды трансферттеудің негізгні механизміне айналды», - дейді министр.

2013 жылы, С.Қайырбекованың айтуынша, менеджмент бағдарламасы бойынша медициналық ұйымдардың 5000-дай жетекшісі оқытылған.

Сонымен қатар, бас дәрігердің айтуынша, 2015 жылдың соңына дейін денсаулық сақтау министрлігі электронды денсаулық сақтау ақпараттық жүйесінің негізгілерін тұрақты қызмет еттірмек.




Дерекнама

Яндекс.Метрика