Инфрақұрылымның дамуы

Астана қаласының мәслихат депутаттарына BRT - жүйрік автобуспен тасымалдау жобасы таныстырылды

«BRT: жүйрік автобуспен тасымалдау» жобасы астаналық мәслихат депутаттарына таныстырылды.
Астана қаласы17 Ақпан , 12:07

BRT - бұл көлік жүйесі, ол инфрақұрылымдық жолақтар мен жедел және жиі рейстерінің арқасында халықтың жедел, ыңғайлы сұранысын қанағаттанадыратын болады.

«Бұл халықты үлкен көлемде тасымалдау және жол қызметін ұйымдастыруға жалпы әсер ету. Жоба сапаны, ыңғайлылықты, заманауи және мобилділікті, қоғамдық көлік қауіпсіздігін көрсетуге бағытталған», - деп  «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы ағынан жарылды.

Оның айтуынша, BRT үшін жол жүру жолақтарынан бөлек және толығымен қамтамасыз етілген жолаушылар станциясы бар  арнайы жолақтар бөлінетін болады. 

Оның үстіне, сыйымдылығы мен жылдамдығы жоғары және арақашықтығы тура сақталатын автобустар үшін BRT бірнеше негізгі бағыттары болады.

«Депутаттар қала сыртында тұратындар үшін паркинг, жылдамдығы жоғары автобустар жұмыс істейтін көгілдір отынды Астанаға жеткізу мәселесін және жобаның екінші және үшінші кезеңдерінің құрылысы қанша сомаға айналатынын теңгенің түзетілген бағамын есепке ала отырып есептеуді ұсынды», - деп Астана қаласы маслихат апаратынан хабарлады. 

Астаналық маслихаттың хатшысы Сансызбай Есіловтың айтуынша, «әр қала үшін, оның үстіне ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің өтуі алдында коғамдық көлік проблемасы аса маңызды».

«Оған халықтың күнделікті көңіл-күйі, Астананың беделі тәуелді.  Сондықтанда жобаны сапалы жүзеге асыру үшін барлық мәселелерді бүге-шүгесіне дейін ойластыру керек», - деп С. Есілов баса айтты.

Естірініңзге сала кетейік, BRT жобасының бірінші кезеңі  2015 жылдың желтоқсан айында іске қосылады. Ол астаналық әуежай мен жаңа теміржол вокзалын байланыстырады.  




Яндекс.Метрика