Өңірлер

ОҚО-дағы «Оңтүстік» АЭА аумағында 139,2 млрд теңгенің 18 жобасы іске асырылуда

ОҚО-дағы «Оңтүстік» АЭА аумағында 7,5 мың жаңа жұмыс орнын ашқан 139,2 млрд теңгенің 18 жобасы іске асырылуда.
Оңтүстік Қазақстан17 Ақпан , 11:55

Облыс әкімінің  орынбасары Сапарбек Тұяқбаевтың айтуынша, «Оңтүстік» АЭА аумағында іске асырылып жатқан 18 жобаның бүгінгі таңда 7-еуі пайдалануға берілді. Онда 1526 жұмыс орны ашылып, 17,7 млрд теңге инвестиция құйылған.  

Оның айтуынша, қазіргі таңда республика көлемінде алғаш рет «Оңтүстік» АЭА басқарушы компаниясы АҚ құруға қажетті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Ондағы мақсат білікті халықаралық компанияларды жұмысқа тарту.

Жалпы, ОҚО-да Индустрияландыру картасы аясында 21,4 мың жаңа жұмыс орнын ашқан құны 705,2 млрд теңгелік 170 жоба іске асырылуда. Бұл жалпы республикадағы көрсеткіштің 18,3%-ын құрайды. Осы көрсеткіш бойынша облыс өңірлер арасында алғашқы орында тұр. Облыстың барлық аудандарында Индустрияландыру картасы іске асырылуда. Жобалардың  65%-ы ауылдық жерлерде қолға алынған.

Сонымен қатар, ОҚО-да бүгінге дейін 8873 жаңа жұмыс орнын ашқан құны 146,2 млрд теңгелік 103 жоба пайдалануға берілді.

Айта кету керек, Индустрияландыру картасына агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл кәсіпкерлік, металлургия, фармацевтика, логистика, машинақұрылысы мен өзге де салалар жобалары енгізілген.




Яндекс.Метрика