Өңірлер

Жолдауда айтылған тапсырмалар энергетиканы бағалауда сенімділік ұялатады – В. Назаров

Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген бағыттар энергетикалық бағытты дамытуға өз үлессін қосып, оны бағалауда сенімділік ұялатады. Бұл туралы Алматы қаласының «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС директоры Владимир Назаров мәлімдеді.
Алматы қаласы17 Ақпан , 11:52

«Мен энергетика саласында жұмыс істеймін, маған Мемлекет басшысының инфрақұрылымдық триада – агломерация, транспорт, энергетиканы дамыту тапсырмасы  өте түсінікті. Олардың дамуы барлық өнеркәсіптің дамуына серпін береді. Президенттің бұл сөздері менің жауапкершілігімді арттырады, департамент Алматы қаласы мен өндірістік кәсіпорындарын энергиямен қамтамыз еткендіктен бұл мен үшін басты бағыт», - деді В. Назаров.

Сондай-ақ, ол «Қазақстан экономикасындағы энергетиканы бағалаудың маңыздылығын арттыратын инфрақұрылымдық триаданың дамуы өте маңызды екенін айтты».

«ҚР-да тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктер Мемлекет басшысының идеясымен тікелей байланысты. Жеткен жетістіктер аз емес, бірақ тағы да еңбек ете түсуіміз керек. Ел Президентінің 2050 Стратегиясын жүзеге асыру үшін барлық күшімізді салуымыз қажет. Мен қызметім бойынша өз азаматтық парызымды жүзеге асыру үшін тапсырмалардың жүзеге асуына белсенді түрде араласатын боламын», - деді В. Назаров. 




Яндекс.Метрика