Ұлттың денсаулығы

Қазақстанда 2013 жылы мүшелерді алмастыру бойынша 177 ота жасалды - С. Қайырбекова

Қазақстанда 2013 жылы мүшелерді алмастыру бойынша 177 ота жасалды. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті.
Астана қаласы17 Ақпан , 11:42

«Отандық денсаулық сақтау жүйесі 3 жыл ішінде бүйрек алмастырудан жүрек алмастыруға дейін жолды жүріп өтті. Тек өткен жыл ішінде алмастыру бойынша  177 ота жасалды. Оның 130 бүйрек алмастыру,  19 бауыр алмастыру болып табылады. Осыдан бес жыл бұрын олар бойынша тек санаулы оталар жасалатын, - деп  С. Қайырбекова ағынан жарылды.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы донорлық мүшелерді кешенді алмастыру технологиясын меңгеру жоспарланған.

«Көбіне отандық емделушілерді дертіне байланысты шетелге жіберілетін салалар бойынша отандық орталықтардың қызметін өтеу үшін жаңа жүйе енгізілді. Енді төлем халықаралық тарифтер бойынша жүргізіледі.

Нәтижесінде,  бүйректі алмастыру және басқа да мүшелерді алмастыру бойынша жылдар бойы жылжымай тұрған тізім қысқарып, біздің орталықтар бұл технологияны белсенді меңгере бастады»,- ведомство басшысы өз ойын толықтырды.

С. Қайырбекова атап өткендей, Қазақстанда емделушіге бағытталған Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілгелі 2010 жылдан бастап стационарлық көмекті қаржыландыру  2 есе артты.

«Ал, стационарды «нәтиже бойынша» жүйесі аясында өтеу Қазақстандағы халықаралық технологияны жүргізудің трансферттік жүйесі болып қалыптасты», - деп министр баса айтты.

 




Яндекс.Метрика