Сыртқы саясат

Түркияның Ұлы Ұлттық Кеңесінің бұрынғы төрағасы: Бүгінде Н.Назарбаев бүкіл түркі әлемінің көшбасшысы болып табылады

Түркияның Ұлы Ұлттық Кеңесінің бұрынғы төрағасы Хикмет Четин, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына түсініктеме бере отырып, Нұрсұлтан Назарбаевты бүкіл түркі әлемінің көшбасшысы деп атады.
Астана қаласы21 Желтоксан , 00:00

«Мен Қазақстанға тағы бір рет келу мүмкіндігіне өте қуаныштымын. Кезінде мен сіздердің еліңізге Тәуелсіздік алғаннан кейін бірден келген алғашқы сыртқы істер министрі болғанмын. Ол уақыттан бері бірнеше рет келдім, әр келген сайын жақсы өзгерістер байқаймын. Бүгінде Қазақстан экономикалық дамумен қатар әлеуметтік даму бойынша да әлемнің бүкіл елдеріне үлгі бола алады. Бұл менің досым Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың зор үлесі», - дейді Х.Четин.

Оның айтуынша, бүгінгі күні Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл түркі әлемінің көшбасшысы болып табылады. 

«Мен оны көп белгілері бойынша Ататүрікпен салыстырар едім. Президент Назарбаев сияқты тұлғалар дәуірлер тоғысында дүниеге келеді. Әрқашан оның өз көзқарасы, өз Стратегиясы бар», - деп атап өтті ол 

Президент Нұрсұлтан Назарбаев жаңа «Қазақстан-2050» Стратегиясында қоғамды әрі қарай демократияландыру, парламенттің, үкіметтің өкілеттігін кеңейту, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының рөлін күшейту бойынша келешектегі қадамдарды ұсынады. Сарапшының айтуынша, тағы бір маңызды сәт ең озық әлемдік технологияларды тарту арқылы елді әрі қарай индустриаландыру болып табылады. 

«Жаңа Стратегия – бұл сіздердің Елбасының қырағылығы мен парасаттылығының тағы бір көрсеткіші. Ол не істесе де, халқының игілігі үшін істейді, ең бірінші кезекте өз халқының қамын ойлайды. Қазақстан Елбасының қойған мақсаттарына қол жеткізетініне сенімдімін, себебі қазақстандықтар өз Президентін жақсы түсінеді және қолдайды», - деп қорытындылады Хикмет Четин.




Дерекнама

Яндекс.Метрика