Өңірлер

Ақмола облысында хаттау қорытындысы бойынша ауыл шаруашылық бағытындағы 179 мың гектар жер қайта қолдануға дайын

Өңірде ауыл шаруашылық бағыттағы 179 мың гектар жерді қолдану жаңартылды, дейді Ақмола облыстық жер қатынастары басқармасының жетекшісі Айгүл Қадыралина.
Ақмола17 Ақпан , 10:52

«Мемлекет басшысы тапсырмасын орындау мақсатында өңірде жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілетін жер мен ауылшаруашылық бағыттағы жерлерді қайтадан хаттау жұмысы жүргізілді. Облыстың 12 ауданында ауыл шаруашылығы саласындағы шамамен 7 мың гектар жер тексерістен өткізілді. Сонымен 937 мың гектар ауылшаруашылық жердің мақсатты түрде қолданылмай жатқаны анықталып, соның 31 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылды. Жаңартылған қолдануға 179 мыңы бағытталды», - дейді А.Қадыралина.

Оның айтуынша, тағы 406 мың гектарға қайтару жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, өңірде пайдаланылмай жатқан 9,2 мың гектар жер телімі анықталды. Негізінен олардың жеке тұрғын үй құрылысына арналғаны белгілі. Осының ішінде 2,5 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылып, 1,7 мыңы меншіксіз мүлікке қойылды.

Айта кету керек, өңірде жер телімі мен ЖҮҚ учаскілерін алу үшін 85 мың адамның кезекте тұрғаны анық. Ең көбі Целиноград ауданында. Мұнда жер телімін алу үшін 57 мың адам өтініш берген.




Дерекнама

Яндекс.Метрика