Өңірлер

ҚР-да БЖК-2020 бойынша құны 220 млн доллар тұратын туристік жобалар жүзеге асырылды – М. Иғалиев

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша ҚР-да туризм саласында 220 млн доллардың жобалары жүзеге асты. Бұл туралы Strategy2050.kz АА берген сұхбатында ҚР ИЖТМ Индустрия және туризм комитетінің төрағасы Марат Иғалиев мәлімдеді.
Астана қаласы 17 Ақпан, 10:26

«Индустрия және туризм комитеті «Даму» қорымен белсенді жұмыс істейді. Бізге көптеген адамдар өзінің жобаларымен жүгінеді, Кәсіпкерлік комитеті, «Даму» қоры Қазақстан бойынша орталықтар ашқан болатын. Онда 20 млн жоба қолданып отыр. Айта кетерлігі, туризм қоғамның белді бір бөлшегіне айналды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында бүгінгі таңда 220 млн тұратын жобалар жүзеге асырылды. Бұл бүгін жұмыс істеп жатқан жобалар, ол қонақ жай мен демалыс орындары», - деді М. Иғалиев.

Оның айтуынша, жобалар ЭКСПО-2017 көрмесінің аясында жүзеге асырылады. Осы орайда Индустрия комитеті барлық аймақта туризмді дамытумен айналысуда.

«ЭКСПО-2017 өткеннен кейін барлығы ұмыт болғанын қаламас едік. Керісінше, әрбір өңір көрмеге жоғары дәрежеде дайындалып, елордаға келген әрбір саяхатшыны қызықтыратындай жұмыс жасау керек. Аймақтар, өз кезегінде, өздері қызығушылық танытулары тиіс. ЭКСПО – бұл  Астана ғана емес, бұл барлық Қазақстан. Тәжірибе көрсеткендей, келген адамдар одан әрі біле түскілері келіп, бірнеше аймақты, қаланы аралайды. Өңірлер бұған дайын болуы тиіс. Біз ол жұмысты жүргізудеміз: ағымдағы жылы барлық аймақтармен туризмді дамыту бойынша меморандум түзілетін болады. Біз ЭКСПО-2017 көрмесі бойынша белсенді қызмет ететін боламыз», - деді М. Иғалиев. 





Яндекс.Метрика