Өңірлер

2020 жылға дейін Қазақстанда туризм саласында 100 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады – М.Иғалиев

Қазақстанда туризмді дамутыдың жаңа тұжырымдамасын іске асыру аясында 2020 жылға дейін қызмет көрсету саласында 100 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған, дейді ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.
Астана қаласы 17 Ақпан, 10:16

«Біздің алдын ала жоспар бойынша, егер біз жаңа жобаларды қол алып, оларды белсенді түрде дамытатын болсақ, қызмет көрсету саласында 2020 жылға дейін 100 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуымызға мүмкіндік бар. Ол үшін мемлекет пен жеке сектордың көмегімен 10 млрд доллар көлемінде инвестицтияға қажеттілік бар. Қазіргі таңда белгілі бір жерлер бойынша біздің нақты жобаларымыз бар», - деді М.Иғалиев.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы ҚР-да Туризмді дамыту тұжырымдамасы қабылданатын болады. Комитет төрағасының айтуынша, қабылданатын тұжырымдама аясында өңірлердегі туризмді дамытуға қаражат бөлінбек.

«Өкінішке орай, біздің барлық облысымызда туризм басқармасы жоқ. Тіпті кей облыстарда туризм бөлімі де жоқ. Енді біз осы бағытта жұмыс істейтін боламыз. Мұнда бізге ең алдымен жүйелі жұмыс керек. Туризм тек 5 кластерде ғана дамыай, барлық салада кеңінен қанат жаюы керек. Барлық облысымыздың бұған мүмкіндігі жетеді», - дейді комитет төрағасы.





Дерекнама

Яндекс.Метрика