Адамзаттық капитал

Жерде тек жаңа технологияларды енгізіп жатқандар жұмыс істеу керек - ШҚ басшысы В. Розметов

Жерде ең алдымен жаңа технологияларды енгізіп, өнімділігін арттырып және әлемдік үздік стандарттар негізінде шаруасын дөңгелетіп жүргендер жұмыс істеу керек, деп «АтырауАгроӨнімдері» ШҚ басшысы Владимир Розметов ағынан жарылды.
Атырау17 Ақпан , 09:30

«Жаңа Жолдауда шағын және орта бизнестің ролін арттыру және кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау туралы айтылған. Осы ретте «Қазақстанның агроөндірістік рельске ауысуын қамтамасыз ету керек. Жерді тиімді пайдалануға, ауыл шаруашылығы бизнесін дамыту үшін кедергілердің барлығын алып тастау маңызды».  Нұрсұлтан Әбішұлының пайымынша, болашақ жаңа өңдеу өнеркісіптік кәсіпорынның желесін  шағын және орта бизнес ретінде дамытуда. Біздің ауыл шарушылығы қожалығында жаңа өндірістер үшін жағдай жасалып жатыр және біз аймақ басшылығының қолдауын сезінудеміз.  Оның үстіне,  көрсеткіштерімізде жаман емес. Барлықтарыңызға белгілі, біздің ұжым бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы республикалық  «Парыз - 2013» байқауында «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері» категориясы бойынша жеңімпаз атанды. Атырау облысының өкілі бұл номинацияда алғаш рет жеңімпаз атанды!», - деп Владимир Розметов мақтанышпен хабарлады.

 «АтырауАгроӨнімдері» ШҚ басшысын Жолдаудағы  10 жаңашыл ұғым таңғалдырған және оның пайымынша ол Қазақстан тарихында ойып тұрып орын алады.

«Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті жаңа инновациялық кәсіпорындар аясында дамытуда тарихта қалары сөзсыз.  Ол үшін екінші индустрияландыру бесжылдығы мен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы біріктіріледі. Бизнестің дамуына кедергісін келтіріп отырған жігерсіз құқықтық нормалар алынып тасталады.  Біздің болашақтағы жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашумен байланысты. Жерде ең алдымен жаңа технологияларды енгізіп, өнімділігін арттырып және әлемдік үздік стандарттар негізінде шаруасын дөңгелетіп жүргендер  жұмыс істеу керек», - дейді В.Розметов.

ШҚ басшысы атап өткендей, Нұрсұлтан Назарбаевтың шағын және орта бизнес ұрпақтан ұрпаққа берілетін отбасылық дәстүрге айналу керек деген пайымы орынды.

«Қазіргі таңда біз ең заманауи клестер - 600 бас ешкіге арналған ешкі фермасын салудамыз. Олар жыл сайын бағалы үш мың литр сүт береді, сонымен қатар, біз одан азық-түліктік өнімдерінің ондаған түрін  - ірімшік, сарымай, йогурт, ешкі сүті сарысуынан емдік диабеттік сусындар мен басқа да тауарлар  шығарамыз.  Бұл бизнес  - отбасылық. Менің балаларым - қызым Тамила және ұлым Тимур менімен бірге еңбек етуде. Біздің кешен толығымен   малдарды күтуден бастап өнімді өңдеу және тауарды делдалсыз сатуға дейін айналысатын балады.  Айта кетерлік жайт, біздің бастамамызға аймақ басшысының тікелей қолдау көрсетуі мақтанарлық жайт. Демек, біздің өңірде мұнай өндірісімен қатар ауылшарушылығы да кеңінен етек жаюда», - деп В.Розметов өз ойын қорытындылады. 




Яндекс.Метрика