Ұлттың денсаулығы

ШҚО-да дәрі-дәрмектің бағасын ұстап тұру туралы меморандумға қол қойылды

Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен жергілікті дәрі-дәрмек тасымалдаушылар дәрі-дәрмектің бағасын ұстап тұру туралы меморандумға қол қойды.
Шығыс Қазақстан17 Ақпан , 09:15

ШҚО Ақпараттық орталығының хабарлауынша, құжатта сұранысқа ең көп иелік ететін 210 түрлі дәрінің түрлері бар. Құжат бойынша, дәрі-дәрмектің бағасы көрсетілген құннан асырылмауы керек. Бұл мәселені ШҚО медициналық және фармацевтикалық қызметтердің сапасын бақылау комитеті мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы реттейтін болады.

Облыста арнайы штаб құрылып, Өскемен мен Семей секілді ірі қалалар белгілі бір секторларға бөлінді. Оның әрқайсында еріктілер қызмет етеді. Семейде медицина универитеті студенттері, Өскеменде медицина колледжі студенттері шараға ат салысуда. Олар күн сайын қаланың барлық дәріханаларын аралап шығады. Әр адам басының қарауында 2-3 дәріхана бар. Олар аталмыш жерлердегі дәрі-дәрмек бағасының өсіміне жол бермейді.

Айта кету керек, еріктілердің кураторы болып техникалық медициналық мекемелердің бас дәрігерлері сайланды. Әр күннің соңында барлық ақпарат ШҚО медициналық және фармацевтикалық қызметтердің сапасын бақылау комитеті мен облыстық денсаулық сақтау басқармасына келіп түседі. Егер негізсіз баға көтерілу жағдайы анықталса, мәселені құзіретті органдар тексеретін болады. Нәтисінде заң бұзушыға қатаң шаралар қабылданып, тіпті лицензиядан да айыруы ғажап емес.




Яндекс.Метрика