Өңірлер

Жолдау-2014 – баршамызға бірдей орындауға міндетті құжат – О.Хозяшева

ҚР Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» халыққа Жолдауы – саяси құжат және оны орындауға барлығымыз міндеттіміз, деп «Нұр Отан» партиясының алғашқы партиялық ұйымы «Богатырь Комир» ЖШС төрайымы Ольга Хозяшева ағынан жарылды.
Павлодар16 Ақпан , 13:00

«Мен алғашқы партиялық ұйым «Богатырь Комир» ЖШС төрайымымын және біздің қатарымызда 825 «Нұр Отан» партиясының мүшесі бар.  Біз партия қатарына жаңа мүшелерді тарту үшін ұдайы насихаттық жұмыстарды жүргіземіз. Оның үстіне партияның барлық бағдарламалық құжаттары  Елбасының 2014 жылғы 17 қаңтарда жариялаған халыққа Жолдауы сияқты азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған», - дейді О. Хозяшева.

Алғашқы партиялық ұйым төрайымының айтуынша, Елбасының барлық Жолдаулары стратегиялық маңызды және нақты міндеттерді бекітілген уақытта жүзеге асыруға арналған.

«Жолдау -2014 басты ерекшелігі онда еліміздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу міндеті мен жолы және ел азаматтарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған міндеттер көрсетілген. Сонымен қатар, жыл сайын экономика өсімі  6-7%-ға, ал, ЖІӨ 4%-ға өсіру тапсырылған. Барлық салаларда жалпы экономика тиімділігін арттыруда нанотехналогиялар, инновация, ғылыми жетістіктер кеңінен пайдаланылуы керек деп көрсетілген. Әлеуметтік саланы дамыту, жұмысқа орналастыру және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелері де кеңінен қамтылған », - деп О. Хозяшева атап өтті.

Нұр Отан» партиясының алғашқы партиялық ұйымы «Богатырь Комир» ЖШС төрайымы   Ольга Хозяшева  Жолдауда көрсетілген міндеттер мен тапсырмаларды  жүзеге асыру мәселелерін әр қазақстандыққа жеткізу керектігіне сенімді.

 «Менің ойымша, біздің алғашқы партиялық ұжымымыздың басты міндеті осы Жолдаудың маңызы мен міндетін мүмкіндігінше көп жұмысшыларға, тек партия мүшелеріне ғана емес қарапайым халықтың басым бөлігіне таныстыру. Барлығымыз өзіміздің еңбегімізбен, белсенді азаматтық және өмірлік ұстанымымызбен, бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау және жастарға қолдау көрсету арқылы ортақ қазақстандық үйімізді бірлесіп  салайық! Президенттің Жолдауы – бұл баршамызға бірдей орындауға міндетті саяси құжат. Біздің мыңнан астам ұжымымыз, партиялық ұйым аталмыш саяси құжатты толығымен қолдайды және онда көрсетілген міндеттер мен тапсырмаларды жүзеге асыруға белесенді араласады», - деп  О. Хозяшева баса айтты.




Яндекс.Метрика