Ұлттың денсаулығы

Ақмола облысында жақын арада дәрі-дәрмектер бағасы көтерілмейді

Ақмола облысында жақын арада дәрі-дәрмектер бағасы көтерілмейді . Бұл туралы Көкшетауда өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқарамысын бастығы Қ.Ташметов хабарлады.
Ақмола16 Ақпан , 12:00

«Бүгінгі таңда амбулаториялық дәрі-дәрмектерді жеткізушілермен қатар көтерме дәріхана желілерінің өкілдерімен медициналық препараттардың бағасының көтерілуін болдырмау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді», - деді Қ. Ташметов.

Өңірде 3 күн қатарынан көтерме дәріхана желілеріне рейд және жекеменшік дәріханалық ұйымдардың бағасына мониторинг жүргізілді. Бұдан басқа, дәрілік препараттардың қорына анализ жасалды. 

Жыл басынан бері Ақмола облысында дәрілік препараттарға республикалық және облыстық бюджеттен 1,124 млн. теңге бөлінді.

Жалпы, өңірде дәрі-дәрмекті тарату бойынша бірыңғай жүйе жасалған.

«Медициналық ұйымдарда 2 айлық қор, ал, кейбір жеке атаулар бойынша жалпы сомасы 195 млн. теңгені құрайтын дәрілердің  4 айлық қоры бар.  Ауруханалар арасындағы дәріхана қоймасында 60 млн. теңгенің дәрі-дәрмегі тұр. Қазіргі таңда жағдай бақылауға алынған», - деп Қ.Ташметов сендірді.




Яндекс.Метрика