Өңірлер

Алматы әкімі монополияға қарсы ведомствоға бағаны негізсіз көтеру оқиғаларының әрқайсысын тексеруді тапсырды

Алматы әкімі Ахметжан Есімов Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы берген тапсырмаларды қаланың қызметтеріне таныстырды.
Алматы қаласы16 Ақпан , 10:00

Қалалық әкімдіктен хабарлағандай, Ахметжан Есімов тағы да әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасын ұстап тұрудың қажеттілін атап өткен.  Қала басшысына көтерме-бөлшек сауда орындарының кейбіреулерінде бірқатар тауардың бағасының көтерілгені байқалды деп хабарлаған.  Осыған байланысты Ахметжан Есімов монополияға қарсы ведомстваға бағаны негізсіз көтеру оқиғаларының әрқайсысын  жіті тексеріп, сауда орнының басшыларына қарсы қатаң жаза қолдануды тапсырды. Сонымен қатар, қала басшысы аудан әкімдеріне негізгі азық-түлік өнімдерін өндірушілермен жұмысты күшейтіп, бағаның күрт өсіп кетпеуін болдырмауды міндеттеді. 

Сондай-ақ қала әкімі Елбасының тікелей тапсырмасымен елімізде зейнетақы мен әлеуметтік төлемдердің көлемі көтерілетінін тілге тиек етті. 

«Әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 10%-ға көтеріледі. Ал, жылбасынан бері  зейнетақы 14%-ға, әлеуметтік төлемдер 12%-ға, студенттердің стипендиясы 10%-ға көтеріледі  Қазіргі таңда жалақыны көтеру бойынша барлық жағдайлар жасалып жатыр , -деді  А. Есімов.

Қала басшысы бұдан басқа Қазақстан Президентінің тапсырмасымен Ұлттық қордан 1 триллион теңге экономиканы несиелік ресурстармен қамтамасыз ету үшін бөлінетінін атап өтті. Осыған байланысты Алматы әкім Үкіметке қала атынан ұсыныс құруды тапсырды.

«Бұл қаржы үш бағыт бойынша бөлінетін болады, оның ішінде ШОБ қолдау көрсетуде бар. Шағын және орта бизнестің Алматы экономикасындағы салмағы басым.  Сондықтанда біз қолдауды қажет ететін, кәсіпорындардың тізімін даярлауымыз керек », - деді А. Есімов.




Яндекс.Метрика