Инвестициялар

ҰКП «KAZNEX Invest» агенттігінің 50% акциясын сенімгерлік басқаруға алады - А. Мырзахметов

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігінің 50% акциясын сенімгерлік басқаруға алады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен бирфингте Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов мәлім етті.
Астана қаласы15 Ақпан , 12:30

«Бізде Исекешов мырзамен принціпті келісіміміз бар. Қазіргі таңда «KAZNEX Invest» агенттігінің 50% акциясын сенімгерлік басқаруға алу бойынша заңды процедуралар және ИЖТМ мен бірге менеджмент қалыптастырып, агенттіктің жұмысын қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Үкіметтің бұған мүмкіндігі жетерлік, сонымен қатар Елбасының қойған бұл міндетін орындаға болады.  Аталмыш жұмыс басталады», - дейді А. Мырзахметов.

Сонымен қатар, ол бұл мақсаттағы жұмыстарды жүзеге асыруда арнайы шақырылған, инвестиция тарту саласының сарапшысы, Түркияның мемлекетпен танысу және капитал салу агенттігінің басшысы Алпаслан Коркмаз көмектеседі деп атап өтті.

Айта кетерлік жайт, Коркмаз мырза өзінің қызметінің барысында Түркияға аты дардай 27 әлемдік бренд компанияларын тартып, оларды осы елде өндірісін кеңейтуге және тікелей инвестицияға басымдық берілген.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ ұлттық даму институттарының бірі болып табылады және қазақстандық шикізаттық емес экспортты дамыту мен алға бастыруға және экономиканың басым секторларына шетелдік инвестицияларды тартуға неғұрлым жағымды жағдай жасау арқылы ұлттық экономиканы әртараптандыруға жәрдемдесу бойынша қызмет атқарады.

«KAZNEX Invest» АҚ өзінің қызметін 2010-2014 жылдарға арналған ҚР ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырады.




Дерекнама

Яндекс.Метрика