Адами капитал

Мәңгілік Ел әрбір қазақстандықтың патриоттық негізі болуы керек - қаржы полициясы ардагері Б.Сейілова

«Мәңгілік Ел» идеясы әрбір қазақстандықтың тәуелсіздік, ұлттық және діни сенімінің патриоттық негізі болуы керек, дейді «Қаржы полициясы ардагерлер ұйымы» ҚБ төрағасы Балжан Сейілова.
Астана қаласы15 Ақпан , 12:15

«Қазақстан жолы-2050» Жолдауында Елбасы «Мәңгілік Ел» патриоттық актін құру мен қабылдау туралы тапсырма берді. Менің ойымша, «Мәңгілік Ел» идеясы әрбір қазақстандықтың тәуелсіздік, ұлттық  және діни сенімінің патриоттық негізі болуы керек», - дейді Б.Сейілова.

Ардагерлер ұйымының төрағасының айтуынша, Президент жастардың жарқын болашағын, жемісті еңбегін, жоғары білім алуына жағдай жасап, жаңа мүмкіндік беретін кадр дайындау, заманауи білім беру жүйесіне басымдылық берді.
 
«Президент өз Жолдауында бірінші кезекте әрбір қазақстандықтың игілігі үшін қызмет ету ұстанымын алға тартып, «халықпен бірге халық үшін өмір сүру» деген ұстанымнан айнымайды. Біз, ардагерлер, Президенттің жиырма жыл ішінде өміріміздегі басты құндылықтың көпұлттылықтағы бірлік пен өзара түсіністік екенін дәлелдедік», - дейді.

Б.Сейілованың айтуынша, Мемлекет басшысының құқық қорғау жүйесінің алдына қойған «Заң алдындағы азаматтардың теңдігі әділетті қоғам құрудың басты негізі болуы керек» деген тапсырмасы бүгінгі таңда өте маңызды.




Яндекс.Метрика