Өңірлер

Көкшетауда азық-түлік бағасын тұрақтандыру жәрмеңкесі өтті

Ақмола облысының ірі ауылшаруашылық тауарын өндірушілер жәрмеңкеде халыққа қолжетімді бағамен өнімдерін өткізуге дайын отыр. Тұтыну тауарларына баға өсіміне жол бермеу үшін облыс орталығында Бурабай, Бұланды, Сандықтау, Зеренді аудандары мен Көкшетау қаласы кәсіпкерлерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Ақмола15 Ақпан , 11:49

Айта кету керек, Ақмола облысы ұлттық валюта түзетуінен кейін бірден осындай шара ұйымдастырған өңірлердің бірі.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, аталмыш жәрмеңкелердегі тауар құны қарапайым дүкендерге қарағанда сәл арзандығы бар.

Жәрмеңке сөрелерінде 40-тан астам тауар түрлері ұсынылды. Атап айтар болсақ,  олар: ет және шұжық өнімдері 12,1 тонна, сүт және сүт өнімдері 3,2 тонна, картоп 7 тонна, көкеніс 5 тонна, күнбағыс майы мен өзге де тауарлар. 

Сатылымға шығарылған өнімнің жалпы құны шамамен 16,6 млн теңге.




Яндекс.Метрика