Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

2014 жылы ҚР ИЖТМ ел аумағында 5 туристік кластерді дамытуды жоспарлауда

Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру аясында 2014 жылы ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті ел аумағында 5 туристік кластерді дамытуды жоспарлап отыр, деп мәлімдеді ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті төрағасы Марат Иғалиев Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.
Астана қаласы 15 Ақпан, 11:10

«Айта кету керек, Мемлекет басшысы туризмнің дамуына басымдылық беруде. Дүниежүзілік туристік ұйымның мәліметінше, әлем елдерінің 38% үшін туризм саласы пайда көзі болып табылады. Ал, барлық елдердің 83%-ында туризм саласы кіріс көзі болып табылатын алғашқы бес саланың қатарына енеді», - дейді Марат Иғалиев.

Естеріңізге сала кетейік, Президент Н.Назарбаев өз Жолдауында Қазақстанда қызмет көрсету салаларын дамыту туралы нақты тапсырма берді. Басты мақсат ҚР-ның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енуі.

«Қазақстан-2050» Стратегиясында Мемлекет басшысы шикізаттық тәуелділіктен арылу қажеттілігін қадап айтты, мұнайдың бүгін болмаса ертең бітетінін ескертті. Ал, қазір осы мұнайдан түскен қаражатты туризм саласы мен өзге де қызмет көрсету салаларын дамытуға құю керектігін шегелей тапсырды.
Таяуда Үкіметте Туризм кеңесінің отырысының өткені белгілі. Оны Премьер-Министрдің орындасары - ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің басқаратыны анық. Сонда Үкіметтік деңгейде туризмді дамыту Тұжырымдамасының дайындалуы керектігі жайлы тапсырма берілді. Менің ойымша, осы құжатты қабылдай отырып біз болашақта қалай дамитынымызды айқындайтын бірнеше жылдық жоспарымызды бекітеміз», - дейді комитет төрағасы.

Оның айтуынша, осы мақсатта Туризм индустриясы комитеті нарыққа сараптама жасап, туристік саланы Қазақстанда дамытуға мүмкіндік беретін 5 негізгі кластер бөлінді.

Бүгінде әрбір кластердің дамуының жүйелі жоспары дайындалды. Комитет төрағасының айтуынша, елімізде аталмыш саланы дамытудың болашағы зор.





Яндекс.Метрика