Дамыған 30 елдің қатарына ену талаптар мен көрсеткіштер

Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің бірі болады – БҰҰ

Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің біріне айналады, деп хабарлайды "2050 Стратегиясы" ресми сайты.
Казахстан31 Тамыз , 00:00

«2030 жылы Қазақстан тұрақты даму аясында қойылған барлық мақсат-міндеттерді асыра орындай алады. 2050 жылға қарай Қазақстан әлемдегі дамыған 30 елдің біріне айналады», - деді Серж Мартин.

Оның айтуынша, бұл бағытта Қазақстанда өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі маңызды қадам болмақ.

«ЭКСПО-2017» - өмірде бір-ақ рет берілетін мүмкіндік. Бұл тұрақты даму жолындағы ең маңызды қадам болуы мүмкін. «Болашақ энергиясы» тақырыбы – Астананы тұрақты энергетиканың Еуразиялық астанасы ретінде әлемнің мойындауы үшін лайықты мәселе», - деп толықтырды БҰҰ сарапшысы.

Мұнымен қатар, оның айтуынша, бұл тақырыпты әрі қарай 2017 жылдан кейін де дамыту қажет. Өйткені, «Болашақ энергиясы» алдағы уақытта Қазақстанның брендіне айналады. 




Яндекс.Метрика