Өңірлер

Қазақстанда негізгі азық-түлік өнімдері бойынша импортты алмастыруды жүргізу маңызды - А.Мырзахметов

Қазақстанда негізгі бағыттар бойынша, оның ішінде өңдеу, тамақ және жеңіл өнеркәсібі саласында импортты алмастыруды жүргізу аса маңызды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен брифингте ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрғасы Абылай Мырзахметов мәлім етті.
Астана қаласы15 Ақпан , 10:24

«Өздеріңізге белгілі, жақында Елбасы Ұлттық банк жүргізген валюта бағамын түзетуді қозғады. Айта кетерлік жайт, бизнеске оның ішінде өңдеу өнеркәсібі мен жаңадан ашылып жатқандарға қолдау көрсетіледі. Бізге негізгі бағыттар бойынша, оның ішінде өңдеу, тамақ және жеңіл өнеркәсібі саласында импортты алмастыруды жүргізу аса маңызды», - деді А.Мырзахметов.

Сонымен қатар ҰКП төрағасы, кеше өткен кеңейтілген отырыста Үкіметке Ұлттық қордан 1 триллион теңгені 2014 және 2015 жылдар аралығында экономиканы несиелік ресурстармен қамтамасыз ету үшін бөлуді және оның қолдану бағыттарын айқандап беруді тапсырды, деп еске салды. 

«Апта соңына дейін Үкімет пен Ұлттық банкке нақты мехенизмдерді енгізу, бөлінген қаржы кәсіпкерлерге қалай жететінін, қандай жобалар қолдау табатынын айқындап беру міндеттелді. Осы ретте, Ұлттық палата қол қусырып қарап отырмайды, бұл жұмысқа белсенді араласады», - деп ол өз ойын түйді.




Дерекнама

Яндекс.Метрика