Ұлттың денсаулығы

ШҚО-да өрт-құтқару спорты бойынша республикалық чемпионат жалауын көтерді

ШҚО-да ҚР ТЖМ VI қысқы спартакиада щеңберінде өрт-құтқару спорты бойынша қысқы Республикалық чемпионаты салнатантты түрде ашылды.
Шығыс Қазақстан 15 Ақпан, 10:15

Чемпионат қатысушылары мен қонақтарын жарыстардың бас төреші- ҚР ТЖМ Өртке қарсы комитет төрағасының орынбасары Дәурен Данаев пен ҚР ТЖМ-нің «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясы» ҚБ Атқару Комитетінің директоры Николай Микин құттықтады.

«Қазіргі чемпионаттың өткізілуі өрт-құтқарушылық спортының одан әрі дамуы мен көпшілікке таратылуына болысады және, сөзсіз, қазақ өрт сөндірушілердің кәсіби оң келбетіне жағымды әсер етеді. Ағымдағы жылда Қазақстанда, Алматы қаласында өрт-құтқарушылық спорты бойынша Әлем Чемпионаты өткізіледі, бұл біз үшін үлкен құрмет. Бүгінгі чемпионатта спортшыларға жақсы нәтижелерге жетуге тілектеспін», - деді Дәурен Данаев.

Қазақстан Республикасының Әнұраны ойнатылғаннан кейін жарыстарды тулармен орындалатын көрсетімдік маршпен көптеген халықаралық жарыстарға қатысқан ШҚО ТЖД Жас құтқарушылыр мектебінің оқушылары ашты.

ШҚО ТЖД хабарлағандай, чемпионаттың екі күн ішінде Қазақстан Республикасы облыстарының 19 командасы жарысқа бел буады. Сонымен қатар қатысушылар құрамына Тараз мамандандырылған колледжі мен ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтының командалары кірді.

Жарыстардың бірінші күнінде 100-метрлік бөгеттермен жолды өту бойынша жекпе-жек жарыстар басталады. Екінші күнде штурм сатысымен жылдамдыққа көтерілу бойынша мықтыларын анықтайды.





Яндекс.Метрика