Өңірлер

Ақмола облысында жаңа кен орны игерілуде

Ақмола облысы, Жарқай ауданының Үшқарасай ауылында құны 480,3 млн. теңге болатын, темір рудасы Массал кен орнын игеру жобасы жүзеге асырылады.
Ақмола15 Ақпан , 10:00

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, жылына 3 млн. тонна концентрат өндіру жоспарланған. Жобаны жүзеге асыру арқылы 180 жаңа жұмыс орны ашылады.

Массал кен орны өткен ғасырдың 50-ші жылдары ашылған. Бүгінде «Массал ТБК» серіктестігі ҚР «Техникалық-экономикалық бағалау кондициясы  негіздемесі» коммисиясына  бекітілген кондициясы бойынша есептелген қорды  ұсынып, ол мақұлданып қойды.

Қазіргі таңда барлау жұмысы 2014 жылдың желтоқсанына дейін созылған. Сонымен қатар, кен орнын өндірістік барлау мақсатында құрылыстық дайындық жұмыстары қатар жүруде. Келесі кезең өндіру, жобалау, карьер мен байытылатын комбинатты салуға және қажетті инфрақұрылымды жеткізіп беруге көшуді  көздейді.

Ағымдағы жылы темір рудасының қорын есептеп барлау есебін дайындау және оларды алдағы уақытта мемлекет балансына  өткізу жоспарланған. Жалпы,  жоба 10 ішінде жүзеге асырылатын болады.




Яндекс.Метрика