Адами капитал

Қазақстан Көшпенділердің әлемдік ойынына қатысады

Қазақстан Түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесінің қамқорлығымен Қырғызстанда 8-14 қыркүйек аралығында өтетін Көшпенділердің әлемдік ойынына қатысады.
Астана қаласы15 Ақпан , 09:30

ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев Түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысының орынбасары  Адахан Мадумаровпен кездесті.

Ведомствадан хабарлағандай, кездесу барысында 2014 жылдың маусым айында Түркияда өтеді деп жоспарланған Түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесінің IV саммитіне дайындық барысы талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, Түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесі мүше елдер Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан мен Түркияның бастамасымен  2009 жылы  Еуразиядағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа бірлесе үлес қосу мақсатында құрылған. Оның хатшылығы Стамбұлда.  2013 жылы тамызда  Кеңестің ІІІ саммитінде  Габала (Әзірбайжан) қаласында Қазақстан президенті  Нұрсұлтан Назарбаев хатшылықтың ішінен туризм бойынша жұмыс тобын құруды ұсынды.  Мемлекет басшысы түркі елдерге бір-бірімен тәжірибе алмасуға, мамандар дайындауға, ортақ туристік бағдарларды анықтауға ұсыныс тастады.

Кездесу барысында 8-14 қыркүйекте алғаш рет Қырғызстанда Түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесінің қамқорлығымен өтетін Көшпенділердің әлемдік ойынын өткізу барысы талқыланды. Жарысты өткізу туралы  2012 жылы саммитте түркітілдес елдердің басшылары Бішкекте келіскен болатын. Көшпенділердің әлемдік ойынын өткізудің негізгі мақсаты этникалық мәдениетті этникалық ойындар өткізу арқылы насихаттау және сақтап қалу. Ойындарды жыл сайын әр мемлекетте өткізу жоспарланған.

ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев хабарлағандай, Түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесінің аясында түркиялық тарап қазақстандық туроператорлар мен қонақ үй бизнесі өкілдеріне арнайы семинар тренинг өткізеді.




Яндекс.Метрика