Басқару

«ҚазМырыш» жұмысшыларының жалақысын арттыруға кепілдік береміз - Н.Попович

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуіне «ҚазМырыш» кәсіпорын жұмысшыларының жалақысын ағымдағы жылдың сәуір айында арттыруға кепілдік береміз, компания президенті Никола Попович жауап берді.
Астана қаласы14 Ақпан , 18:30

«Ұлттық валютаға девальвация жүргізілген кезеңде, біздің компания мемлекеттің өз азаматтары алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін сақтау жөніндегі міндетінің маңыздылығына түсіністікпен қарайды», - деді ол.

Оның айтуынша, міндеттің бір бөлігін тұрақтандыру қоры тетіктерін пайдалану және шектік бағаларды белгілеу арқылы әлеуметтік-маңызды тауарлар бағасын ұстап тұру жөніндегі барлық шараларды қамтамасыз ететін Үкімет шешеді. 

«Міндеттің екінші бөлігін елдің бизнес-қауымдастығы шеше алады және шешуі тиіс. Жалпы бизнестің, оның ішінде біздің компанияның да әлеуметтік жауапкершілігін түсіне отырып, және Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үндеуіне жауап қата отырып, біз осы жылдың сәуір айынан бастап «ҚазМырыш» кәсіпорындар тобының жұмысшыларының еңбек ақысын көтеруге кепілдік береміз» - деп Никола Попович мәлімдеді .

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика