Өңірлер

А.Машкевич: ENRC ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жалақыны өсіру туралы тапсырмасын орындауда

Компания 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап қазақстандық кәсіпорындардағы өндірістік қызметкерлердің жалақыларын өсіру туралы шешім қабылдады. Жалақы барлық кәсіпорындар бойынша орташа есеппен 10% өседі. Осындай шешім бүгін Астанада Н.Ә.Назарбаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес қабылданған.
Астана қаласы14 Ақпан , 18:18

«Өз жұмысымыздың барысында біз әрқашан Елбасы мен Үкіметтің қолдауын сезінеміз. Осыған біз ризамыз. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жалақыны өсіру туралы тапсырмасын орындай отырып, корпорация тағы бір мәрте бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне және Қазақстан халқының әл-ауқатын көтеруге мүдделілігін көрсетеді», - деп атап өтті ENRC-дің негізін қалаушы акционері Александр Машкевич.

Бүгінгі таңда ENRC кәсіпорындарында 65 мың адам жұмыс істейді. Компания жалпы Тау-кен өнеркәсібі кешені тәрізді негізгі өнім түрлеріне деген бағаның төмендеуінен туындаған жағымсыз бәсекелестік жағдайында жұмыс істейді. Осы орайда теңге бағамының өзгеруі кәсіпорындар экономикасын тұрақтандыруға, яғни, өңірлер мен жалпы елдің дамуына жағымды ықпал етуге бағытталған шара болып табылады.

«Ұлттық валютаның нағыз бағамын белгілеу біздің инвестициялық бағдарламаларымызды қайта қарауға және жаңа жұмыс орындарын құруға мумкіндік береді. ENRC-дің қазақстандық кәсіпорындарына капиталдық салымдар 2014 жылы 750 млн АҚШ доллары көлемінде қарастырылған. Соңғы жеті жылда Қазақстандағы өндіріске салынған салымдардың жалпы көлемі 8,2 млрд долларды құрады», - деп атап өтті А. Машкевич.

Жақында Ақтөбеде жаңа ферроқорытпа зауыты өз өнімін береді. Жобаның құны 843 млн долларды құрап, ҮИИД бағдарламасы мен ENRC-дің инвестициялық бағдарламасына кіреді. Қуаттылығы жылына 440 мың тонна жоғарыкөміртекті феррохромды құрайтын өнідіріс Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттырады.

2012 жылы қиын өндірістік жағдайда ENRC қазақстандық кәсіпорындардағы жұмысшылардың жалақысын 20% өсірген еді. Компания ұжымдық келісымшарттардағы міндеттерді орындауды жалғастырады. Компанияның келісімшарттары әлеуметтік жеңілдіктер мен жұмысшылар және олардың отбасы мүшелеріне арналған кепілдерді қамтып, саладағы үздік келісімшарттардың бірі болып табылады. Бұған қоса, ENRC Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Ақтөбе облыстары әкімдіктерімен әріптестік туралы меморандумдарға қол қояды. Қаражат өңірлердегі әлеуметтік, мәдени және білім беру жобаларына бағытталады. 2013 жылы қол қойылған меморандумдардың жалпы құны 4,7 млрд теңгені құрады.

«Кеншілері мен шахтерлердің ауыр еңбегі лайықты түрде марапатталуы қажет. ENRC-дің әлеуметтік бағдарламалары мен кәсіпорындарымыздағы жалақы төлеудің заманауи жүйелері осыған бағытталған», - деді Александр Машкевич.  




Яндекс.Метрика