Басқару

ҚР-да 2014 жылдың соңына қарай импорттық электрондық декларациялау енгізіледі - А.Ержанов

Қазақстанда ағымдағы жылдың соңына қарай тауар импортын электрондық декларациялау енгізіледі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен брифингте Қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Аманияз Ержанов хабарлады.
Астана қаласы14 Ақпан , 17:10

«Қазіргі таңда кедендік органдарда электронды декларациялауды енгізу бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Бұл саладағы жұмыстарымызды барлық мемлекеттік органдармен жалғастырудамыз, себебі олар Е-лицензиялаумен және электронды үкіметпен тығыз байланыста болады. Ал, 2014 екінші жарты жылдығында импортты электронды декларациялау пилоттық жобасына кірісеміз», - деді А. Ержанов.

ҚМ Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасыры атап өткендей, электронды декларациялау заманауи кедендік қызметтегі кедендік саясаттың басты бағыты болады.

«Егер, барлық мемлекеттік органдар ақпараттық жүйесін  Е-лицензиялау жүйесіне енгізуге, яғни, өзге меморгандар рұқсатнама құжаттарын электронды түрде алуға  атсалысатан болса, онда 2014 жылдың соңына қарай біз электронды декларациялауды толығымен енгіземіз», - деп ол сендірді.

Сонымен қатар, кедендік процедураларды жеңілдету электронды декларациялауды енгізумен қатар жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауда кедендік органдар алдында үш үлкен міндетті қойды - рұқсатнама пункттерінде кедендік процедураларды жеңілдету,  транзиттік әлеуетті көтеру және барлық кедендік процедураларды оңтайландыру. 




Яндекс.Метрика