Өңірлер

Айырбас бағамының өзгеруі күнделікті кедендік төлем мен салық көлеміне әсер етпеді – А.Ержанов

Қазақстанда айырбас бағамын түзету күнделікті кедендік төлем мен салық көлеміне әсер етпеді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қымзетінің брифингінде ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы орынбасары Аманияз Ержанов мәлімдеді.
Астана қаласы14 Ақпан , 16:48

«Кеден органдары Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру мен кедендік әкімшілік тиімділігін арттыруға бағытталған қазақстандық кедендік қызметті жаңғыртудың кешенді әдісін енгізуге негізделген басым бағыттардың дамуына баса назар аударады. ҚР сыртқы сауда айналымының өсім үрдісі байқалады. 2013 жылдың қорытындысы бойынша, аталмыш көрсеткіш 107 млрд АҚШ долларын құрады. Соның ішінде экспорт 76,6 млрд АҚШ доллары болса, 30,5 млрд АҚШ доллар импортқа тиесілі. Сауда балансының айырмасы 46,1 млрд АҚШ доллары деңгейінде сақталды», - деді А.Ержанов.

Оның айтуынша, сыртқы сауда айналымының бұрынғы қарқынын сақтап қалған жағдайда Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төмендегідей болжам келтіреді:

«Аталмыш тауар түрлері, яғни мұнайға шақырымдық кедендік экспорттық алым қойылғанын ескерсек, бір тонна экспортталған мұнайға 60 АҚШ доллары көлеміндегі түзетілген құн белгіленген. Жоспар бойынша, ұлттық валютаны түзету бюджетке түсетін қаражат көлемін де арттырмақ. Өйткені бюджетке түсетін қаражаттың 43%-ы минералды ресурс есебінен алынады», - деді.

Сонымен қатар, қосымша кедендік экспорт түсімі мен импорттық салықтар да күтілуде.

«Айырбас курсын түзету күнделікті кедендік төлем мен салық көлеміне әсер етпеді. Осыған орай импорттық операциялардан алынатын салық бойынша түсетін тұрақты өсім бизнестің бейімделуі деңгейі мен импортталған тауарға жаңа тауар тұтынудан тәуелсіз болады», - деді А.Ержанов.




Яндекс.Метрика