Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

ҚР Президенті барлық ұлттық логистикалық активтерді бір жерге шоғырландыруды тапсырды

Бүгін Ақордадағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті барлық ұлттық логистикалық активтерді бір жерге шоғырландыруды тапсырды.
Астана қаласы14 Ақпан , 14:23

«Біздің халықаралық деңгейдегі транспорттық-логистикалық жүйе құру керек. Өздеріңізге де белгілі, ол үшін барлық ұлттық логистикалық активтерді бір жерге шоғырландырып, ҚТЖ басқарма жанынан әріптестік альянс құрып, оны «Жібек жолы» деп атау керек. Барлық ұлттық логистикалық активтер бір жерге шоғырландырылады», - деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде ҚТЖ төрағасы Асқар Мәмин барлық жұмыстардың Президент тапсырмасына сай жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Логистикалық инфрақұрылымды салып жатырмыз, әлеуетімізді артыру жолында қызмет етудеміз», - деді АМәмин.

Президенттің айтуынша, экономика салаларын әртараптандыру – біздің экономикамыздың тұрақты өсімі мен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі орта және ұзақмерзімді басты тапсырмамыз.

«Индустрияландырудың мақсаты – ұқсас жобалардың шоғыры емес, өнеркәсіптегі өңдеуші саланы дамыту», - деді Елбасы.

Сонымен қатар, оның айтуынша, ҚР Үкіметі шет елдік отандық инвестицияны тартудың нақты жоспарын құруы керек.

«Трансұлттық компанияларды тартпасақ, өзіміздің қаражатымызды құйып олармен бірге ірі технологиялық кәсіпкерліктерді қолға алмасақ, ешқандай да шын мәнісіндегі индустрия болмайды», - деді Н.Назарбаев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі кеңейтілген отырыстың басты тақырыбы «Қазақстан-2050» Жолдауының 2014 жылғы орындалу барысы.

Жиынға Үкімет мүшелері, Парламент Сенаты мен Мәжілісі депататтары, Қазақстан Республикасы Президентіне бағынатын және тікелей бағынатын мемлекеттік орган жетекшілері, Үкіметтің құранмына енбейтін мемлекеттік орган жетекшілері, облыс пен Астана және Алматы қалалары әкімдері, Президент Әкімшілігінің бөлімшелік құрылым жетекшілері қатысты.




Яндекс.Метрика