Инвестициялар

Н.Назарбаев үздік трансұлттық компаниялар тізімін шығарып, оларды тарту стратегиясын дайындауды тапсырды

Президент Нұрсұлтан Назарбаев әрбір басым секторда үздік трансұлттық компаниялары тізімін шығарып, оларды тарту стратегиясын дайындауды тапсырды.
Астана қаласы14 Ақпан , 14:25

«Әрбір басым секторда үздік трансұлттық компаниялары тізімін шығарып, оларды тарту стратегиясын дайындауы керек. Біздің елде өндіріс ашқысы келетін инвесторлармен бірігіп жұмыс істеп, ауыл шаруашылығы машинасы, тау-кен, мұнай-газ құрылғысы құрылғылары өндірісі бойынша салаларда нақты жұмыстарды бастауды Үкіметтен талап етемін», - деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, ол басқаратын инвесторлар кеңесінде ондаған компаниялар бар.

«Тіпті біз олармен өз деңгейінде жұмыс істеген де жоқпыз. Жыл ортасында менің алдыма бірігіп жұмыс істеп жатқан компаниялардың тізімі әкелінсін», - деді Н.Назарбаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің орынбасары – индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевті аталмыш тапсырманың орындалуына жауапты етті.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі кеңейтілген отырыстың басты тақырыбы «Қазақстан-2050» Жолдауының 2014 жылғы орындалу барысы.

Жиынға Үкімет мүшелері, Парламент Сенаты мен Мәжілісі депататтары, Қазақстан Республикасы Президентіне бағынатын және тікелей бағынатын мемлекеттік орган жетекшілері, Үкіметтің құранмына енбейтін мемлекеттік орган жетекшілері, облыс пен Астана және Алматы қалалары әкімдері, Президент Әкімшілігінің бөлімшелік құрылым жетекшілері қатысты.




Дерекнама

Яндекс.Метрика