Инвестициялар

Инвестициялық климат бойынша ойынның нақты тәртібін белгілеуіміз керек - Н.Назарбаев

Инвестициялық климат бойынша ойынның нақты тәртібін белгілеуіміз керек, деп Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев хабарлады.
Астана қаласы14 Ақпан , 14:20

«Мен инвесторлар нені қалайтынын сұрадым? Оларды базалық жеті фактор қызықтырады. Біріншіден - келісім шартпен заңның тұрақтылығы. Екіншіден -  қоғамдағы тұрақтылық. Инфрақұрылым. Энергоресурстар. Көлік. Жұмыс күші. Жетінші  - қолайлы визалық жүйе. Осы нақты жеті мәселе оларды толғандырады.  Бір қарағанда барлығы бар сияқты, алайда ештеме жұмыс істемейді. Ал, егер жұмыс істесе онда да инвестор үшін тиімсіз», - деп Елбасы атап өтті.

«Осының барлығын егжей-тегжей қарап шығу керек. Біздің инвестицияны әртараптандыру үшін барлық жағдайды жасағанымыз жөн. Яғни, шетелдік капитал біздің қайта өңдеу, қызмет, ауылшарушылығы сияқты салаларымызға келу керек. Олар біздің елден қашпау керек, ал, біз олардың артынан жүгіруіміз керек», - деп Н.Назарбаев түсіндірді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі кеңейтілген отырыста Жолдау аясында  2014 жылға қойылған тапсырмалар сөз болды.

Отырысқа Үкімет мүшелері, ҚР Парламенті Сенаты және Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, ұлттық компания жетекшілері, Алматы және Астана қалалары мен облыс әкімдері қатысты.




Яндекс.Метрика