Басқару

Н.Назарбаев жеке секторға берілетін кәсіпкерліктер тізімін шығаруды тапсырды

Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысқан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жеке секторға берілетін кәсіпкерліктер тізімін шығаруды тапсырды.
Астана қаласы14 Ақпан , 14:15

«2012 жылы «Халықтық IPO» бағдарламасы қолға алынды. Біз тағы 5 компанияны сатылымға шығаруды жоспарладық. Не себепті бағдарлама тоқтап қалды? Үкіметке ұсынысты дайындап, ұсыну үшін бір ай мұрсат беремін», - деді Мемлекет басшысы.

Н.Назарбаевтың айтуынша, «мемлекеттің қатысуымен барлық компаниялардың сараптамасы жүргізілуі және жеке секторға берілетін кәсіпкерліктердің тізімін шығару керек. 1 мамырға дейін заң жобасы дайындалуы керек».

«Мемлекеттік қатысуы мүкмкін жеке компаниялар капиталының процедурасы шартын қайта қарау керек. Жалпы, 2020 жылға дейін мемлекеттік меншік үлесі ЕЭК-тегі деңгейге жеткізіліп, ЖІӨ-нің 15 пайызын құрауы керек», - дейді Елбасы.




Яндекс.Метрика