Өңірлер

Н. Назарбаев Ұлттық банк алдына 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін жұмыс істемейтін несиелер үлесін 15%-ға төмендету міндетін қойды

Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк алдына 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін жұмыс істемейтін несиелер үлесін 15%-ға төмендету міндетін қойды.
Астана қаласы14 Ақпан , 14:03

 «Ұлттық банк алдында ЕДБ жұмыс істемейтін несиелер үлесін 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін 15%-ға төмендету міндетін қоямын», - деп  Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында тапсырма берді.

Мемлекет басшысы, «банктер өздерінің қалауы бойынша кез-келген шараны қабылдауы керек» екенін тілге тиек етті. 

«Шығынға жазып тастасын немесе дисконттасын, өйткені олар өздер кінәлі. Ескертемін, Ұлттық қордан оларға қаржы тек жұмыс істемейтін несиелер көлемін төмендеткен жағдайда ғана бөлінуі керек»,- деп Н. Назарбаев мәлімдеді.

 




Яндекс.Метрика