Білім беру саласындағы жұмыстың басымдықтары

Қазақстанда шамамен 8 мың педагог біліктілікті арттырудың Кембридждік жүйесінен өтті - ҚР Білім және ғылым министрлігі

Қазақстанда шамамен 8 мың педагог «Назарбаев зияткерлік мектептері» АҚ Кембридж университетімен бірігіп әзірлеген біліктілікті арттыру курстарынан өтті, деп хабарлады Үкімет отырысында білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов.
Казахстан 26 Наурыз, 00:00


«Мұғалімдердің біліктілігі бойынша Мемлекеттік бағдарламаның индикаторы да артығымен орындалды, қазірдің өзінде 2013 жылдың жоспары мерзімінен бұрын жүзеге асты. Кембридж университетімен бірге НЗМ әзірлеген біліктілікті арттырудың жаңа 3-айлық жүйесінің маңызы зор болады. 2 жыл ішінде жаңа жүйе бойынша 8 мың педагог курстан өтті, олар жалақысына үстемеақы алуда», - деді Б.Жұмағұлов.
Сонымен қатар, ол атап өткендей педагогтарды дайындау сапасын арттырудың келесі қадамы жан басына қаржыландыруды енгізу болады. Министрдің айтуынша, «мұндай механизм аймақтар бойынша оқытуға жұмсалатын шығындарды теңестіріп қана қоймай, сонымен қатар, педагогтарды материалдық жағынан ынталандырудың жаңа құралын бере алады».

Осыған байланысты Министрлік педагогтардың жалақысын дифференциалды көтеру бойынша жаңа ұсыныс дайындауда.





Яндекс.Метрика